Жамбыл облысының үш тұрғыны Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысының 150-ден астам тұрғынын Конго-Қырым геморрагикалық безгегін тасымалдайтын кене шаққан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жамбыл облысының үш тұрғыны Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға  жатқызылды

Жуырда ғана Сарысу ауданына қауіпті безгекті жұқтырды деген күдікпен Орталық аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне Жайылма ауылының 60 жастағы тұрғыны жатқызылды.

Жамбыл облысы ТЖД 16 мамырда осы диагноз белгілерімен Сарысу аудандық ауруханасына тағы да екі адамның ауыруханаға түскендігін хабарлады.

Аймақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде.