Жамбыл полицейлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, видероликке түсіп қалған адамдарды тапты, деп хабарлады облыстың ІІД-не сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.
Полицияның деректеріне сәйкес, видео Инстаграмға 9 тамызда жарияланған. Кейін анықталғандай, оқиға Таразда 6 тамызда Абай көшесінің бойында болған.
10 тамызда кортеждің қатысушылары анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың бірі 24 жастағы жүргізушісі басқарған «Лексус маркалы көлік. Оған қатысты ҚР ӘҚтК 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сондай-ақ видеоға 19 жастағы жүргізуші басқарған «Toyota Highlander» маркалы көлігі түсіп қалған. Оған қатысты ӘҚтК 590-бабы, 7-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі бойынша 2 хаттама жасалды.
Үшінші - 26 жастағы жүргізуші басқарған «BMW» көлігі. Оған қатысты ӘҚтК 590-бабы 7-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта «Toyota» (артта келе жатып видео түсірген) және Mercedes-Benz G-Wagen» маркалы екі көлік (қарсы жолаққа шығып кеткен) анықталуда. Соталды тергеу жүріп жатыр.