Жамбыл прокуратурасы 1,3 мың гектарға тарта жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмалары ауқымында облыс прокуратура органдары әкімдіктермен бірлесе отырып, пайдаланылмаған жерлерді анықтау бойынша тексеру жүргізуді және оларды мемлекет меншігіне қайтаруды жалғастыруда.
«2016 жылдың басынан бері жер заңнамасын пайдалануға қадағалау саласында 125 қадағалау актісі шығарылды, олар бойынша жергілікті атқарушы органдардың 112 заңсіз актілері жойылды және өзгертілді, тәртіптік жауапкершілікке 21 лауазымды тұлға тартылдды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде облыс аумағында көлемі 21,4 мың гектардан асатын және кадастрлық құны 567,2 млн. теңгені құрайтын 302 пайдаланылмаған жер телімдері анықталды», - деп түсіндірді қадағалау органында.
Жерлерді мемлекет меншігіне қайтару үшін прокуратура заңнамада көзделген барлық шараларды қолға алуда, соның ішінде тиісті ескертулер тапсырылып, заңды шағымдар тіркелуде.
Нәтижесінде мемлекет меншігіне көлемі 1,26 мың га және кадастрлық құны 17,3 млн. теңгенің 40 жер телімі қайтарылды.
Тәркіленген жерлерді одан әрі ұсыну айрықша бақылауға алынды, деп сендірді Жамбыл облыстық прокуратурасы.