Жамбыл Жабаевтың түрік тіліндегі кітабы шықты
Жинақ жыраудың 175 жылдық мерейтойына орай Түркісой халықаралық түркі мәдениеті ұйымының қолдауымен басылып шықты. Кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсіміне ұлт зиялылары, Түркісой ұйымының өкілдері мен ақын ұрпақтары қатысты. Кітапқа Жамбыл Жабаевтың өлеңдері мен талдамалары түрік тіліне аударылып жинақталған. Сондай-ақ, кей сөздердің қазақша баламасы берілген. Алдағы уақытта мерейтой аясында Жамбыл әлемі атты 30 томдық кітабы жарық көріп, Түркия елінде жыр алыбының шығармашылығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылмақ.
«Бұл Түрік әлеміне Жамбыл есімінің, Жамбыл шығармаларының кеңінен тарай беруіне, түріктің ортақ, бүкіл түрік жұртына, дүниесіне ортақ ұлы тұлға ретінде танылуына өзінің үлкен үлесін қосады деп есептейміз», - деді Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.