Жамбылда 17 жасар мас жүргізуші біреудің көлігін айдап әкетіп, жол апатын жасады
Сарысу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде Жаңатас қаласының орталық көшелерінің бірінде қозғалысы күдік тудырған автокөлікті байқаған.
Аталған көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы ескертуін елемей, бағытын өзгертіп қашпақ болғанда жол шетіндегі цемент қапталға соғысқан.
Құқықбұзушы кәмелетке толмаған 17 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
Сондай-ақ оның біреудің көлігін ұрлап айдап кеткені және мас болғаны анықталды. Алайда, иесі көлігінің ұрланғанын білмеген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сонымен қатар оған ҚР ӘҚБтК 608-бабы 8-бөлігімен хаттама толтырылды.
Оны Жамбыл облыстық білім басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы Жасөспірімдер үйіне жеткізді.
Еске сала кетейік, 19 шілде мен 18 тамыз аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» айлығы өтіп жатыр.