Жамбылда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтерген сауда орталықтары анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрін 15 пайыздан жоғары үстемеақымен сатып келген кәсіпкерлер жауапқа тартылуда. Өңірде осындай 19 сауда орнына ескерту жасалды. Ал бір дүкеннің иесіне 10 АЕК (31 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлім етті жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Заңға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтерген шағын бизнес субъектілеріне – 10 АЕК (31 800 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75 АЕК (238 500 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК (954 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Еске салайық, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтерудің 734 фактісі анықталғанын мәлімдеп еді.



Соңғы жаңалықтар