Жамбылда білім күні 42 бала түн жарымында көшеде қыдырып жүрген
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бiлiм күні Жамбыл облысы iшкi iстер органдарына 42 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйекте кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында жергілікті тексеру жүрді.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары тұрғын үй аулаларында, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда рейд өткізді.
Сол түні ішкі істер органдарына 42 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді,
46 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық орнында жүргені үшін 1 кафе қожайыны жауапкершілікке тартылды.
– Жаңа оқу жылының басталуына орай көңіл көтеретін бүкіл ойын-сауық орындары мен жастар көп жиналатын жерлер құқық қорғау органдарының жіті назарында болады. Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ата-аналардан баласының бос уақытын және байланыс ортасын қадағалауын сұраймыз. Балалардың ешбір қадағалаусыз жүруі заңға қайшы әрекет жасауға себеп болуы мүмкін, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Оксана Семенова.
Фото: polisia.kz