Жамбылда демалушылардың көзінше бала суға ағып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Демалыс аймағында бассейнде демалып жатқандардың көз алдында 12 жастағы ер бала суға ағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылда демалушылардың көзінше бала суға ағып кетті

«26 шілдеде  сағат 21.00-де Тараз маңындағы Байзақ ауданында «Аю-Тропик» демалыс аймағында бассейнде шомылып жатқан 12 жастағы А. В Орынбай суға батып кетті. 21.30-да оның мүрдесін куәгерлер алып  шығып, жедел жәрдем бригадасына табыс етті», - деді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

Іздеуге 150 адам жұмылдырылды. Ер баланың мүрдесін жергілікті тұрғындар оқиға орнынан 19 шақырым жерден арна ағысының түбінен тапты.