Жамбылда қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қатты соққан жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ТЖД мәліметтеріне қарағанда, Тараз  қаласында 5-қабатты тұрғын үй мен әскери бөлім шатырларын ұшып кеткен. Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернатының ғимаратына да қолайсыз ауа райы кері әсерін тигізген.

Сондай-ақ, желден Жамбыл ауданының Айша бибі кентіндегі әскери бөлімшенің шатыры да қатты бүлінген.

«ТЖ зардап шекендер жоқ, табиға апаттан келген зиян көлемі есептеліп жатыр», - деді департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар