Жамбылда науқастармен жақын байланыста болған 400-ден аса адам оқшауланған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша коронаувирустық инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болған 400-ден аса адам оқшауланған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбылда науқастармен жақын байланыста болған 400-ден аса адам оқшауланған

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков хабарлады.

«Облыс аумағында әрбір COVID-19 жағдайына міндетті эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Облыс бойынша инфекция ошақтарында 606 қарым қатынаста болған адам анықталды, оның ішінде 404 жақын және 202 ықтимал байланыста болғандар. Қарым қатынаста болған адамдарды оқшаулауға, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуына бақылау жүргізіледі. Барлық жақын қарым қатынаста болған адамдар карантиндік стационарда оқшауланған, ал ықтимал байланыста болған адамдар күнделікті медициналық бақылауда болады»,-дейді департамент басшысы.


Сондай-ақ, аталған брифингте облыста соңғы тәулікте тіркелген 3 жаңа коронавирусты инфекция жағдайы туралы айтылды. Үш науқастың екеуі Жамбыл ауданынан, біреуі Қордай ауданының тұрғынынан анқыталған.

Айта кетейі, 14 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында 49 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген. 3 науқас ауруханадан сауығып шығарылды, әрі қарай 14 күнге үй жағдайында карантиндік бақылауда.

Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 43 науқас, провизорлық стационарда 24 науқас емделуде.