Жамбылда пайдаланылмай жатқан 553 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында пайдаланылмай жатқан 553 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Елбасы облысқа жұмыс сапары барысында көптеген ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылмай жатқандығына  тоқталып, оларды қайтаруды тапсырды. Облыста соңғы 5 жылда пайдаланылмай жатқан 553 мың гектар ауыл шаруашылығы  жерлері анықталып, мемлекетке қайтарылды», - деді облыс басшысы.

Кәрім Көкірекбаевтың айтуынша, оның 539 мың гектары экономикалық айналымға қайта  тартылды.

«Аграрлық салаға инвестиция тарту мақсатында 295 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері әзірленді. Ағымдағы жылдың 8 айында инвестициялық жобаларды іске  асыру үшін барлығы 827 гектар жер бөлінді», - деді ол.

Жалпы өңір басшысының деректеріне сәйкес, Индустриялық-инновациялық дамуда Жамбыл облысы оң нәтижелерге қол жеткізген. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының аясында 557 млрд теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылып, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл сомасы 17,3 млрд теңгені құрайтын  13 жоба жүзеге асырылуда. Оларда  шамамен 1350 жұмыс орны ашылады.

Соңғы жаңалықтар