Жамбылда жол апатынан әділет басқармасының басшысы көз жұмды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық тас жолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Белгілі болғандай, аталмыш жол-көлік оқиғасында Тараз қалалық әділет басқармасының басшысы Гүлнар Көшекова қаза тапқан.

«23 қараша күні кешкісін Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының 566-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Тараз қаласынан Түркістан облысына қарай жолға шыққан «Мерседес-Бенц» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, машина аударылып қалған», - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы Жуалы аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімшесінде жантәсілім етті. Тағы бір жолаушы облыс орталығындағы №1 қалалық ауруханаға жатқызылған.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер тергеу аяқталғанша істің егжей-тегжейі айтылмайтынын атап өтті.  

 

Соңғы жаңалықтар