Жамбылда жүк тасымалы талабын бұзған жүргізушіге 900 мың теңге айыппұл салынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жүк тасымалы талабын бұзған жүргізушіге 900 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылда жүк тасымалы талабын бұзған жүргізушіге 900 мың теңге айыппұл салынды

Жамбыл облысы Сарысу ауданында ауыр салмақты карьер көлігінің жүруін бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына сәйкес рейд өткізлді. Шара жолдардың бұзылуын болдырмау мақсатында ұйымдастырылған. Тексеруге облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жергілікті полиция қызметі, аудандық полиция бөлімі, «Жамбыл — адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасының және көліктік бақылау инспекциясының мамандары қатысты.

Бірлескен топ «Ақкол-Үшарал-Тоғызкент» және «Саудакент-Тоғызкент» автомобиль жолдарының қиылысында орналаст. Осы тұстан өткен ауыр салмақты карьер көліктері ішінде тұз тасымалдайтын көліктер тексерілді. Бұл бағытта, 1 ауыр жүк көлігінің жүк тасымалдау ережесін бұзғаны анықталып, көлік иесіне, тиісті әкімшілік жауапкершілікке сәйкес, жалпы 900 мың теңгеге айыппұл салынды.