Жамбылдағы мектептер толығымен Ashyq-қа қосылған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдары азаматтардың короновирусқа қатысты мәртебесін анықтайтын Ashyq жобасына 100 пайыз қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде облыстағы білім саласының сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Өскембаева айтып берді. Ол жаңа оқу жылына дайындық жүргізілу барысына тоқталып өтті.

Үкіметтің 11 тамыздағы отырысы барысында биылғы 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі форматта өткізу жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты жаңа оқу жылына дайындық жүргізіліп жатыр.

«Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 34 апта болады. Жаңа оқу жылында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы санитарлық іс-шаралар қабылданады. Барлық мектептер, колледждер мен университеттегі қызметкерлер мен білім алушылар маска киюге міндетті . Облыста білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік талаптарын күшейту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білім беру ұйымдарына азаматтардың короновирусқа қарсы статусын анықтайтын Ashyq жобасына 100 пайыз қосылды»,-деді Д. Өскембаева.

Облыс мектептерінде қызмет ететін педагогтардың 98,6 пайызы короновирус екпесін салдырды. Жаңа оқу жылына дейін педагогтардың 100 пайызы екпе алуы қамтамасыз етілсе, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, мектептер дәстүрлі оқу жүйесіне көшеді .

«Шектеулерді сақтай отырып, балабақшаларда 20-25 балаға дейінгі топтарда штатты режимде жұмыс істеуге болады. Өз кезегінде мектептердің барлық 1-11 сынып оқушыларына қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып дәстүрлі оқыту форматын жүргізу, сонымен қатар колледждер мен ЖОО студенттері де осы форматта оқыту ұсынылады. 1 қыркүйекте болатын салтанатты іс-шара мектеп аумағында 1 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы «Әліппе» табысталады», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар