Жамбылдық автожолдарда үлкен жүк машиналарының жүрісі қауіпсіз бола бастады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ.  Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -  Жамбыл облысының    бас полицейінің    өкімімен  өңір бойынша    жолдарда  жемқорлық фактілеріне  жол  бермеу, ауыл шаруашылығы   өнімдері  тиелген  автокеруендерді солтүстік облыстарға кедергісіз өткізу  жөніндегі рейдтік шаралар  ұйымдастырылды, 

Жамбылдық автожолдарда үлкен жүк машиналарының жүрісі қауіпсіз бола бастады

деп  хабарлады  облыстық   ішкі істер  департаментінің   баспасөз қызметінен.

«Үлкен  жүк көліктерінің  жүргізушілері,     біздің  жолдармен жүру   тыныш және қауіпсіз  бола бастағанын  айтып отыр.    Жүргізушілер     көкөністер  мен  жемістердің  еш тосқауылсыз   тасымалы    ұйымдастырылғаны үшін   алғыс айтуда»,  дейді     департаменттің баспасөз қызметінің  жетекшісі, полиция полковнигі Роза Қалдыбекова.

«Қоғамдық тәртіпті   қорғау,   облыс жолдарында   қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерінің  тасымалы мен  жеткізілу   мәселелері     жамбылдық гарнизон басшысы, полиция генерал-майоры  Мейірхан   Жаманбаевтың  айрықша бақылауына алынып отыр»,  деп  атап көрсетті Р.Қалдыбекова.