Жамбылдық азамат кек алу мақсатында интернетке өзінің танысының ар-ожданына нұқсан келтіретін мәліметтер салған
АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Жамбыл облысында интернетті пайдаланатын тұрғындардың бірінің логин, паролін бұзу арқылы оның ар-ожданына нұқсан келтіретін мәліметтер салу фактісі анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтер бойынша, аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен зардап шеккен азаматшаның 33 жасар танысы ұсталды. Ол өзінің әрекетін кек алу мақсатында жүзеге асырғандығын айтқан.