Жамбылдық диқандар көктемгі дала жұмыстарына қаншалықты дайын

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте өңірдегі көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеевтің айтуынша, көктемгі егістікке қажетті дәнді масақ тұқымдарының тиісті көлемі әзірленіп үлгерген. Сондай-ақ, картоп - 90 пайыз, майлы дақылдар - 88,7 пайыз, қолданыстағы 8,4 мың ауыл шаруашылық техникасы 98 пайыз дайын. Сонымен қатар, 18,3 мың тонна дизель отынын арзандатылған бағамен жеткізу наурыз айында басталады деп күтілуде. Ол ғана емес, өнімділікті арттыру мақсатында 25,7 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге қарастырылмақ.

Бердібек Сапарбаев жақсы өнім алу үшін сапалы тұқым дайындау мен егудін маңызын атап өтті.

- Тұқым сапасы – мол өнім алудын басты өлшемі. Сондай-ақ тиісті техниканы, қажетті отын мен тыңайтқыштарды дайындауға баса назар аудару қажет. Біз егіс алқаптарын рентабельді дақылдардың пайдасына әртараптандыруға тиіспіз. Әсіресе, қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөністер мен бақша дақылдарын көбірек өсіруге ден қойған абзал, - деді облыс әкімі.


Шекара маңындағы аудандардың қажеттіліктеріне көңіл бөліп, маусымдық кезеңде су тапшылығы туындамас үшін қырғыз көршілерімен алдын ала келіссөз жүргізу қажет.

- Аудандарға жұмыс сапарымда тұрғындардың дені бос жердің жоқтығын айтып шағымдануда. Сондықтан да, ең алдымен талдау, түгендеу жұмысын жүргізіп, пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды ауыл шаруашылық мақсатында айналымға енгізу негізгі міндет болып отыр, - деп атап өтті аймақ басшысы.



Соңғы жаңалықтар