Жамбылдық құтқарушылар каналға ағып кеткен баланың денесін тапты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Жамбыл ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Еске салайық, 11 маусым күні Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылына жақын орналасқан «Базарбай» каналында шомылып жүрген 11 жасар бала суға ағып кеткен. Облыстық ТЖД «ЖҚЖ» және «ӨС ЖӘНЕ АҚЖ» ММ құтқару жасағы екі тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Барлығы 22 адам мен 4 техника тартылды.
Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, баланың денесі оның өзенге ағып кеткен жерінен он шақырымдай төмен жерден 13 маусым күні табылып, судан шығарылды.