Жамбылдық құтқарушылар Күйік асуындағы қалың қардан адамдарды қауіпсіз жерге шығарды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ауа температурасының төмендеуі, қардың қалың түсуі және көктайғақ салдарынан «Алматы-Ташкент» тас жолы өтетін Жуалы ауданынағы Күйік асуында жағдай қиындады.

Жамбылдық құтқарушылар Күйік асуындағы қалың қардан адамдарды қауіпсіз жерге шығарды

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен тәулікте құтқарушылар Күйік асуындағы қалың қардан 4 жеңіл көлікті алып шықты. Онда 12 адам, соның ішінде үш бала болған. Тараз қаласына жеті адам жеткізілді.

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, 29-30 наурызда Жамбыл облысы аумағында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін, таулы асуларда 30 м/с жетуі мүмкін. Синоптиктер ауа температурасы түнде -3 - 8 градус аязға дейін төмендейді деп болжап отыр. Жамбыл облыстық ТЖД жергілікті атқарушы органдарды, АҚ және ТЖ қызметін тиісті шараларды ұйымдастыру керектігі туралы ақпараттандырды.