Жамбылдық полицейлер барымташыны қараусыз балалар лагерінде ұстады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық із кезушілердің мұқият жоспарланған операциясының нәтижесінде көрші ауылдардың малын ұрлаумен айналысып жүрген, бұрын мал ұрлығы бойынша сотты болған Жуалы ауданы Қарақорған ауылының тұрғыны тұтқындалды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Жуалы АІІБ криминалдық полицияның аға жедел уәкілі полиция капитаны Нұрғали Пақышевтың айтуынша, қылмыскер әдеттегідей түнгі уақытты пайдаланып ауылдың шет жақтарында жұмыс істеген. Ол алдын ала көздеп қойған жылқыларын ұрлап, ауылдан алыс жақтарға алып кеткен. 44 жасар күдікті ешкімнің көзіне түспеуге тырысып, ешкіммен араласпай жеке- дара өмір сүрген, үйінен тек қана қараңғы түскенде ғана шығатын болған.

Жедел іздестіру іс-шарасы бірнеше айлар бойы жүргізілді, бұл кездейсоқ бақыт емес, ІІО криминалдық және учаскелік полиция қызметкерлерінің ықтияттылығымен мен мұқият жоспарланған операциясының нәтижесі. Қазір тұтқынға Жуалы ауданы Тасбастау және Б.Момышұлы ауылдарындағы екі мал ұрлау деректері бойынша айып тағылып, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Ол ұрлаған жылқыларын ОҚО Бурно-Октябрь ауылында қараусыз қалған балалар лагерінде тұратын қайын атасының үйіне алып бара жатқан жолда ұсталған,- деді Н.Пақышев.

Жамбыл облысы ІІД КПБ жедел уәкілі полиция подполковнигінің айтуынша «Мал ұрлығы» операциясының үш күнінде 4 мал ұрлығы қылмысы ашылып, бұрын жасалған 13 мал ұрлығынан, 10 бас үй жануарлары өз иелеріне қайтарылған.

Соңғы жаңалықтар