Жамбылдықтар қант қызылшасының гектарынан 700 центнерден өнім алмақшы

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысындағы кей шаруашылықтар суарудың озық әдістерін пайдаланып гектарынан 700 центнерге дейін қант қызылшасын алуды көздеп отыр.

Жамбылдықтар қант қызылшасының  гектарынан 700 центнерден өнім алмақшы

Осылайша, Қордай ауданындағы «Самғау» шаруа қожалығы гектарынан ең кемі 700 центнер қант қызылшасын алуды көздеп отыр.   Жамбыл ауданында «Пионер» ШҚ дәстүрлі суару әдісін ескеріп гектардан ең кемі  350 - 380 центнер жинауды жоспарлап отыр.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылы қант қызылшасын өсіру саласын дамыту үшін облыстық бюджеттен  420 млн теңге бөлінді. Оның 220 млн теңгесі тұқым сатып алуға және  220 млн техника сатып алуға бағытталды. Қант қызылшасы 5,68 мың га жерге егілді, 850 га жерде суарудың заманауи әдістері пайдаланылады.

Жамбыл облысында шамамен  125 - 130 мың тонна өндіріледі деп күтілуде. Өнімділік гектарынан 250 центнерді құраған жағдайда диахандардың таза табысы ең кемі 175 мың теңге болады, өнімділік гектарына 500 центнер болса 475 мың теңгеге жетеді.

Күзде қант қызылшасын өндірушілер шығынының 70% субсидияланатыны айтылды. Сонымен қатар, гектар бойынша  субсидиялар беріле басталады.

Облыстық әкімдікте атап өткендей, биыл «Ортаазиялық қант корпорациясы» ЖШС  Меркі қант зауытын жаңғырту үшін өз қаражатынан 3 млн доллар  инвестиция құйған.