Жамбылдықтар лаңкестікте қаза тапқандардың отбасылары үшін қаржылай көмек жинауда

ТАРАЗ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің қызметкерлері лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың отбасы үшін 130 мың теңге ақша жинады.

Жамбылдықтар  лаңкестікте қаза тапқандардың отбасылары үшін қаржылай көмек жинауда

«Бұл ақша лаңкестің қолынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына беріледі», - дейді редакция ұжымы облыстағы басқа да ұйымдардың осы игі істі қолдайтынына сенім білдіре отырып.

Бір күнгі еңбекақы аударылды, деп хабарлаған газет ұжымы.