Жамбылдықтар рекордтық астық бастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысының диқандары Тәуелсіздік жылдары ішіндегі рекордық астық бастырды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов мәлім етті.

Жамбылдықтар рекордтық астық бастырды

Биыл Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін өте қолайлы жыл болды. Күзгі жұмыстар дер уақытында жүргізіліп, мол өнім алынды. Айта кетерлігі, Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығы ішінде  алғаш рет ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз. Мәселен, 250 мың гектар масақты дән-дақылдардан 592 мың тонна астық бастырылды. Мұндай 25 жыл ішінде болмаған еді. Мұнан бөлек, картоп, көкөніс, бақша дақылдары жақсы өнім берді.

Сонымен қатар ол Жамбыл облысының тауар өндірушілер елордада өткізіп жатқан жәрмеңкеге құны 220 млн. теңгеден асатын 250 мың тонна өнім әкелгендігін атап өтті.

«Біз Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, бағаға мониторинг жүргіздік. Соның негізінде өз тауарларымызды 8-ден 40 пайызға дейін төмен әкеп отырмыз. Демек, елордалықтар алдағы қыс айларына жеткілікті қор жинап алады деп ойлаймыз», - деді Н.Нұржанов.