Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль олжалады.

Жәмилә Бақбергенова
Фото: kazwrestling_official

Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2026 жылдың алғашқы ресми бәсекесінде 72 келі салмақ дәрежесінде Жәмилә Бақбергенова жеңімпаз атанды. 

Жәмилә қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Лаура Алмағанбетова (55 кг) және Виктория Хусаинова (59 кг) тек соңғы белдесуде ғана есе жіберіп, күміс жүлдемен марапатталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жәмилә Бақбергенованың Мажарстандағы турнирде күміс медаль алғанын жазған едік.

Сондай-ақ Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар