Жәмила Серкебаева мен «Тұран» тобы «Шарк тароналари» халықаралық музыкалық фестивалінде өнер көрсетеді

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - 25-30 тамыз күндері аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында ЮНЕСКО-ның қолдауымен "Шарк тароналари" (Шығыс әуендері) 8-ші халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.

Жәмила Серкебаева мен «Тұран» тобы «Шарк тароналари» халықаралық музыкалық фестивалінде өнер көрсетеді

Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінен хабарлады.

Фестиваль 1997 жылдан бері Шығыс халқының музыкалық өнеріндегі ең үздік жетістіктерін кеңінен танымал ету, сондай-ақ халықаралық шығармашылық байланыстарды одан әрі кеңейту және мәдени-рухани өзара ықпалдастықты нығайту мақсатында өткізіліп отыр.

"Шарк тароналари" фестиваліне әртүрлі мемлекеттердің өнер шеберлері қатысады. Соның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаева мен «Тұран» тобы бар.