Жәмішев: Келесі жылы ҚР мемлекеттік мекемелері есепті алғаш рет халықаралық стандарттар бойынша тапсырады

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Келесі жылы біздің мемлекеттік мекемелер алғаш рет есепті халықаралық стандарттар бойынша тапсыратын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан панельдік сессия барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Қазақстанда қоғамдық секторға арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары енгізілген. Келесі жылы біздің мемлекеттік мекемелер алғаш рет есепті халықаралық стандарттар бойынша тапсыратын болады. Бұның барлығы нәтижеге бағытталған бюджеттендіру жұмыстарының заңды жалғасы. Нәтижеге бағытталған бюджеттендіру біздің елімізде бірнеше жылдардан бері енгізілуде. Бұл үдеріс кезең-кезеңімен жүріп келеді», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, стандарттарды енгізуде Қазақстан үкіметі қыруар жұмыстарды атқарды.

«Халықаралық стандарттарды енгізу барысында мемлекеттік мекемелердегі 15 мыңға тарта бухгалтерлер қайта оқытылды, Қаржы министрлігінде ақпараттық жүйелер жетілдірілді. Сонымен қатар бұл жұмыстар үлкен әдістемелік жұмыстарды талап етті», - деді Б.Жәмішев.

Ведомство басшысының атап өткеніндей, 2017 жылы Қаржы министрлігі мемлекеттің активтері мен міндеттемелерінің шоғырланған теңгерімін ұсынатын болады.

Соңғы жаңалықтар