Жан Кособуцкий АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінің алдында қарсыласымен көз арбасты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен нигериялық боксшы Эфе Аджагба (17-1, 13 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Кособуцкийдің жекпе-жек қарсаңындағы салмағы 234,4 фунт (106,3 келі) болды. Салмақ өлшеуден кейін боксшылар дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді.
Еске салайық, Жан Кособуцкий мен Эфе Аджагба Талсадағы (АҚШ, Оклахома штаты) бокс кешінде жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 27 тамыз, жексенбі күні таңертең өтеді, оны қазақстандық «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Басталуы: Астана уақытымен 08:00-де.