Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Супер ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (10-0, 9КО) венесуэлалық қарсыласы Уильямс Окандоны (20-8, 16КО) нокаутпен жеңді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Бокс кеші Беларусь астанасы Минскіде өтті. Ж.Кособуцкий алты раундқа есептелген айқасты екінші раундта нокаутпен аяқтады. Бұл, 30 жастағы спортшымыздың мерзімінен бұрын аяқтаған тоғызыншы жекпе-жегі.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшы аталмыш кеште Германия өкілі, 38 жастағы Евгений Бухмюллермен (15-4, 12КО) жұдырықтасуы тиіс еді. Бірақ ол жарақатына байланысты айқастан бас тартты.

Кособуцкий профи-рингте 2017 жылдың қыркүйек айынан өнер көрсетіп келеді.