Жан-жақтан қарыз ала бермей, тиісті талдау жасаймыз - министр

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мемлекеттік қарызға қатысты түсінік берді.

Нұрлан Байбазаров
Фото: primeminister.kz

«Жалпы, мемлекеттің борышы жалпы ішкі өнімге шаққанда 23 пайыздан сәл арттық. Бізде екі шектеу бар. Біріншіден, мемлекеттің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 32 пайызынан аспау керек. Екіншіден, борышты қайтарудың жылдық мөлшері жалпы кірістердің 10 пайызынан аспау керек деген шектеу ескерілген. Еліміздің 2025 – 2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына тоқталсақ, 2027 жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,9 пайызға дейін төмендету міндетін алып отырмыз. Бұл өз кезегінде мемлекеттің кіріс бөлігінің артуы есебінен жүзеге асырылады», - деді Н. Байбазаров.

Оның айтуынша, алдағы жылдары экономиканың өсуі арқылы бюджеттің кіріс бөлігі артады.

«Екіншіден, жан-жақтан қарыз ала бермей, тиісті талдау жасап, оның тиімді жолдарын іздейміз», - деді министр.

Биыл қыркүйек айында Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде екенін мәлімдеген еді. 

Соңғы жаңалықтар