«Жан-жүрегім, Астанам!» көрмесінде кішкентай елордалық бүлдіршіндердің шығармашылығы көпшілік назарына ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жан-жүрегім, Астанам!» көрмесінде кішкентай елордалық бүлдіршіндердің шығармашылығы көпшілік назарына ұсынылады. Балалар өз суреттерінде жас астананың көркем келбетін бейнелейтін болады, деп хабарлады astana.gov.kz сайты.
None
None

Ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, көрмеге бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы шығармашылық, заманауи дизайн үйірмелерінің 200 астам тәлімгерінің жұмыстары қойылады. Балалар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Шара соңында суреттер мен бұйымдар әлеуметтік мекемелерге тарту етіледі. Шара балалардың бойына рухани құндылықтар мен мейірімділік, отансүйгіштік, белсенділік қасиеттерін сіңіріп, зәру жандарға қол ұшын созуға тәрбиелеу, әсіресе балалар үйі тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталады.

Жаны мейірімге толы балалардың қолынан шыққан нәзік те әсем туындылар қатысушыларға ерекше әсер сыйлайды.

Көрме 10 маусымда сағат 11.00 жаңа Оқушылар сарайының Галерея алаңында өтеді.

Соңғы жаңалықтар