Жаңа Адамдар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін еріктілер орталықтарын ашады

«Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы
Фото: «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы

«Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы қол ұшын созып, көмек көрсетемін деушілерге арналған «Бәрімізге қатысты» атты орталықтарды ашты.

«Бұл жерде біз тек киім-кешек, азық-түлік пен қажетті керек-жарақ жинамаймыз. Топтарды құрып, табиғи апаттан зардап шеккен жандарға көмек көрсетумен ғана айналыспаймыз. Біз адамдарға мақсаттарынан да биік әлемді көруді ұсынамыз. Біз әр минут сайын „Біз адамбыз ба?“ деген сұрақ шешілетін орынға аттанудамыз», — деп жазды жастар ұйымынан.

Гуманитарлық көмек қабылдау пунктері мен «Бәрімізге қатысты» еріктілер жасағының үйлестіру орталықтары төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша орналасқан кампустарда ашық

Астана: Мәңгілік Ел даңғылы, B2. 2
Алматы: Ахмет Байтұрсынов көшесі, 67

Байланыс нөмері — 8 707 070 40 50

Соңғы жаңалықтар