«Жаңа Адамдардың» акциясынан кейін «Шабыттың» шатыры жөнделетін болды

Бұған дейін «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы Қазақ ұлттық өнер университетінің ғимаратының шатырындағы ақауды әжуалап, бірнеше акция өткізгенін жазған едік.
Сол акцияларға Мәдение және спорт министрлігі назар аударып, мәселені шешуге кіріскен.
«Бүгін бізге қоғамдық науқанның арқасында мәселе шешімін табуға бет алғаны белгілі болды. Мәдениет министрлігі жақын арада ҚазҰӨУ ғимаратын жөндеу және қайта жаңарту үшін қосымша 530 миллионнан астам қаражат бөлетін болады.
Енді Шабыт студенттері жайлы жағдайда білім ала алады. Бұл ақпараттың ресми расталуын күтеміз және тағы бір азаматтық науқанымыздың сәтті аяқталуын атап өтуге дайындалып жатырмыз. Бізге қиын жағдайда көмектескен әрбір қазақстандыққа, Шабыт мәселесі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде қолдап, таратқандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз. Нәтижеге бірге қол жеткізе аламыз», - дейді қозғалыс белсендісі Әлихан Сәрсенов.