Жаңа АЭС-ке шетелден мамандар тартыла ма

Жаңа АЭС-ке шетелден мамандар тартыла ма
Фото: Kazinform агенттігі

Жаңадан салынатын атом электр станциясында алдымен отандық мамандар жұмысқа алынады. Дегенмен шетел мамандары да тартылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

«Атом электр станциясында жұмыс істейтін мамандарды даярлау жұмысы жүріп жатыр. Қазақстанның уран державасы, яғни біз уран өндіреміз. Қызмет көрсететін атом реакторлары бар, бізде ядролық медицина бар. Бізде мамандар даярлау бойынша Алматыда, Курчатовта жұмыс істейтін институттар бар. Онда атом саласында жұмыс істейтін, яғни байыту мәселелерімен айналысатын мамандар жеткілікті, - деді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жаңа АЭС салынатынына қарамастан елімізде сала мамандарын даярлау жалғаса береді.

«Қазақстан бірнеше елмен, атап айтқанда Ресей, Оңтүстік Корея және Венгрия тиісті келісімдерге қол қойылды. Адамдар 2 мың маман тапшы деп жатыр, ол туралы білмедім. Атом электр станциясы салынған кезде шетелдік мамандар да болады. Әрине, алдымен отандық мамандармен қамтуға мән беріледі», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар