Жаңа астықтың сапалық көрсеткіштері айтарлықтай жоғары – Үкімет басшысы
«Жаңа астықтың сапалық көрсеткіштері айтарлықтай жоғары. Дәнмаңызы 28 пайыздан жоғары бидай көлемі - жиналған астықтың жалпы көлемінің 74 пайызына жетті. Әлемдік нарықта осындай сапасы жоғары бидайға сұраныс жоғары екенін ескеру қажет. Форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында «Азық-түлік корпорациясына» бидай жеткізуді қамтамасыз ету керек», - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы облыстардың әкімдіктері мен Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинауды аса қысқа мерзімде аяқтау қажеттігін баса айтты.
«2022 жылға қажет болатын тұқым қалдыруды да қамтамасыз етсін. Индустрия министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірге астықты тұрақты тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету іс-шараларын қабылдасын», - деген Премьер-Министр бұл жұмыстарды жалпы үйлестіру мен бақылауды орынбасары Роман Склярға тапсырды.