Жаңа білім ошағының ашылуы оқушылар мен ата-аналар үшін үлкен оқиға ? мектеп мұғалімі

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жаңа білім ордасының ашылуы оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де үлкен оқиға.
None
None
Бүгін Алматыда Қалқаман-3 ықшам ауданындағы №176 жалпы білім беру мектебінің ашылу рәсіміне қатысушылардың қуанышында шек болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әуезов ауданындағы Қалқаман, Қалқаман-2, Қалқаман-3 ықшам аудандарының 2 мың оқушысы бұрын №157 мектепте үш ауысымда оқитын. 620 орындық білім ордасында дәріс кешкі сағат жеті жарым, сегіздерде аяқталатын. Енді Қалқаман-2, Қалқаман-3 ықшам аудандарынан қатынап оқитын 800 оқушы мен оқытушы жаңа мектепке ауысып отыр», дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айман Биахметқызы. 24 жылдан бері ұстаздық қызметпен айналысып келе жатқан жоғары сыныпты маманның айтуынша, қазір ондағы оқытушылар қауымының орта жасы 30-35-те болып отыр. «Бұрын күн ұясына жақындағаннан бастап мектептен қашан келер екен деп балаларымның жолына қараудан төзімім таусылатын. Үш баламның екеуі мектеп жасында. Біреуі - 7, екіншісі 5-ші сыныпта оқиды. Енді көптен күткен жаңа мектебімізді Елбасының өзі келіп арнайы ашып бергеніне мен шексіз қуанып отырмын. Бұл мен ғана емес осы ауданда тұратын барлық ата-аналар үшін үлкен оқиға болып отыр», дейді үш баланың анасы Бақытгүл Ағатанова.
Соңғы жаңалықтар