Жаңа бизнес-идеяларға арналған гранттар кімдерге беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік гранттар жаңа бизнесті ашқан немесе жолға қоюды көздеген тұлғаларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жаңа бизнес-идеяларға арналған гранттар кімдерге беріледі

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.

Грант мөлшері: 100 АЕК-ке дейін. Мемлекеттік грант кәсіпкерлердің қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуы үшін беріледі. 2019 жылы жаңа бизнес-идеяларды ашуға берілетін мемлекеттік грант алушылар саны 50-ден 200-ге дейін артқан болатын.