Жаңа Гвинея жағалауында күшті жер сілкінісі болды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Папуа-Жаңа Гвинеяда магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Шығыс Сепик уәлятының астанасы Вевак қаласынан 115 шақырым қашықтықта тіркелді,
деп хабарлайды РБК АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасап.
Зілзаланың ошағы 16,8 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге мәлімет жоқ.
Папуа-Жаңа Гвинея әлемдегi сейсмикалық белсендi аймақтардың бірінде орналасқан, жер сілкінісі мұнда тұрақты болып тұрады.