Жаңа инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін Үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылады

«Дағдарысқа қарсы шаралардың төртінші бағыты жаңа инвестициялық саясат. Бұл ретте ел экономикасына инвестиция тартуды ынталандыру үшін 2016 жылдың бірінші тоқсанында Үкіметтің Нақты іс-қимыл жоспары қабылданатын болады. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес, инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шаралар толық қамтылады. Бұдан бөлек, осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2016 жылдың қаңтарында Үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылады», деді Ерболат Досаев.
Министрдің айтуынша, 2016 жылдың шілде айына дейін еліміздің алты макроөңірінде (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық Қазақстан, Батыс, Алматы және Астана) инвестициялық даму бағдарламалары әзірленеді.
«2016 жылдың наурыз айына дейін үкіметтік қарыздар деңгейін төмендету бойынша бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізіледі», деді Е. Досаев.