Жаңа iPhone 4S-ке миллионнан астам адам тапсырыс берген

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Жаңа iPhone 4S моделі шыққан бірінші күні-ақ миллионға тарта телефон сатып алынды және тапсырыс берілді. Бұл жөнінде Apple компаниясы мәлімдеді.

Жаңа iPhone 4S-ке миллионнан астам адам тапсырыс берген

Apple компаниясы смартфонының жаңа нұсқасына тапсырыс интернет арқылы да, телефон арқылы да жұма күні таң атпастан түсе бастаған. Дүйсенбі күні бағасы 199 бен 399 доллар арасында белгіленген жаңа телефонға деген тапсырыс бұған дейінгі рекордтан да асып түсті - 600 мың. iPhone 4-тің жаңартылған нұсқасы жарыққа шығысымен-ақ келесі күні сонша телефон сатып алынды - деп хабарлайды Америка дауысы.

Қаржы сарапшылары сатылым көлемінің аяқ асты өсіп кетуін өткен аптада қайтыс болған Apple компаниясының негізін қалаушысы және президенті Стив Джобсқа деген халықтың көрсеткен құрметіне балап отыр.