Жаңа iPhone 7 таныстырылатын күн жақын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа iPhone 2015 жылдың 9 қыркүйегінде таныстырылады деп күтілуде. Apple компаниясы үшін күздің басы iPhone гаджеттерінің келесі буынын таныстыруға байланысты ауқымды шаралармен есте қалуы тиіс, деп хабарлайды iphone7cena.ru.
None
None

Сондай-ақ американдық компания жаңа iPad пен Apple TV телевизиялық қондырғысын таныстырмақ. Кейбір дереккөздерге қарағанда, жаңа гаджеттің экраны Force Touch технологиясымен әзірленген. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, iPhone 7-нің iPhone 6-дан бірқатар артықшылықтары болмақ. Атап айтқанда, iPhone 7-нің дисплейі iPhone 6 Plus-ке (диагоналі бойынша 5,5 дюйм) қарағанда үлкен болмақ. Сондай-ақ iPhone 7-нің төрт ядролы процессоры болады. Жады көлемі 256 гигабайтқа дейін ұлғаяды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум