Жаңа ипотекалық бағдарлама баспана нарығына қалай әсер етті – сарапшы пікірі

ипотека
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко бүгінде еліміздің баспана нарығында қалыптасқан ахуалға қатысты пікір білдірді.

«2004 жылдың 4 айында жасалған мәмілелердің саны мынадай болып отыр: қаңтарда – 31 713, ақпанда – 30 534, наурызда – 26 389, сәуірде – 31 248. Осы деректерден-ақ мәмілелер бойынша ауытқудың өте мардымсыз екенін байқауға болады. Халықтың негізінен жеңілдікті, қолжетімді ипотекалық займдарды күтіп отырғаны білінеді. Олар қалай дегенде де мәмілелер санында және кейінге шегерілген сұраныстың жинақталуында байқалады. Ол нарықта тоқтата алмайды әрі біртіндеп жүзеге асырыла бастады», - деді Нина Лукьяненко агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының еліміздің баспана нарығына әсеріне қатысты ойын айтты. 

«Әзірше, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Меніңше, жеңілдікті ипотека барынша шектеулі сипатқа ие және азаматтардың жекелеген санатына ғана қатысты әрі жылжымайтын мүліктің барлық нысанына бірдей қолданыла бермейді», - деді Нина Лукьяненко.

Соңғы жаңалықтар