Жаңа Қаулы: Ақмола облысында қандай нысандардың жұмысына тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында карантиндік шектеу шараларын одан әрі қатаңдату туралы жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа Қаулы: Ақмола облысында қандай нысандардың жұмысына тыйым салынды

Жаңа құжатта қоғамдық тамақтану орындарында, үйде және ашық ауада банкет, мерейтой, үйлену той, ас беру секілді көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Саябақтарға, алаңдарға және өзге де демалыс орындарында бір топта 3 адамнан артық болмауы қажет, бұл ретте бір отбасы мүшелеріне бірге жүруге рұқсат берілген.

Қаулыға сәйкес қызметі уақытша тоқтатылатын нысандар:

Облысаралық, облысішілік, тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымал қозғалысы, автобустар қызметі;

Жабық жағажай және акварк қызметі;

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, балалар ойын-сауық орталықтары, жабық ғимараттағы ойын алаңдары, батуттар, аттракциондар;

Саябақ пен алаңдардағы барлық аттракцион мен балаларға арналған электр машиналарын жалға беру қызметі;

Бильярд, боулинг, караоке, компьютерлік клубтар және банкет залдары;

Мәдени нысандар, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония;

Көрермендердің қатысуымен өтетін спорттық іс-шаралар;