Жаңа қаулы: Алматыда қоғамдық көліктер қалай жүреді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктер жұмыс кундері штаттық кестеге сәйкес жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шектеу шаралары аясында қоғамдық көліктердің жүру уақытына өзгеріс енгізілді. Яғни автобус, троллейбус маршруттары мен метро таңғы сағат 06:00 ден сағат 10:00 дейін жүреді. Содан кейін, кешкі сағат 17: 00 -ден түнгі сағат 22:00-ге дейін қатынайды.
Жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес жүреді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелері клиенттерді тек алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
Қаулыға сәйкес, шаштараз бен сұлулық салондарына алдын ала жазылу бойынша шаш қиюға ғана рұқсат.
Айта кетейік, Алматыда карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды.