Жаңа қаулы: Қарағанды облысында карантин шектеулері жеңілдеді
Бүгін Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
Қаулыдағы 2-қосымшада көрсетілген шектеулерді ескере отырып, Ashyq қосымшасын пайдаланбайтын кәсіпорындардың қызметі қайта жанданады.
2-қосымшаға сәйкес қауіпсіз (жасыл) мәртебесі болған кезде Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік - экономикалық объектілер қызметтерінің өлшемдеріне сәйкес, қызметкерлерде және келушілерде жасыл мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті сынамалар алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын уақыт ішінде, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз қызметке рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз (жасыл) мәртебесі болған жағдайда рұқсат етіледі:
салтанатты, отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) толымдылығы 50%-дан асырмай, бірақ 50 орынға толтыруға рұқсат етілді;
- 50%-ға дейін, 50 орыннан аспайтын адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шараларға;
- 70%-дан аспайтын, бірақ 200 келушіден көрмелер өткізу;
- 500 адамнан аспайтын марафондар (ашық ауада) өткізу;
- көрермендермен 50%-дан аспай толтырылған спорттық іс-шаралар өткізу;
– спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының (жаттығулардың) толтырылуы 20%-дан аспайтын қызметі;
- діни объектілер қызметі (жұма намазын жабық үй-жайларда өткізу) 20%-дан асырмай;
- ойын клубтарының (казино) қызметі 50 адамнан асырмай жұмыс жасауларына рұқсат етіледі.
Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор органдарындағы қызметкерлердің 80% - ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру бойынша талап қалады.
Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізілген жағдайда қашықтан және көзбе-көз жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды есепке алмай қызметті жүзеге асырады.
Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID - 19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
Қаулы қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.