Жаңа қаулы: Қарағанды облысында мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты «Ashyq» пилоттық жобасы іске асырылып жатқан нысандарды қоспағанда, қызметі жаңартылмаған нысандарға: караоке, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, компьютерлік клубтар, боулинг-орталықтарға баруға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулы: Қарағанды облысында мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Сонымен қатар олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін нысандарда болуға тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысатын Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық нысандары облыстың «қызыл аймақта» болуына қарамастан, «сары аймақтағы» талаптарға сәйкес жұмыс істейді. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарланды.

Бұдан басқа, халықтың бұқаралық, ойын-сауық, отбасылық және естелік іс-шараларына (оның ішінде «ауыз ашар», Пасхаға арналған мерекелік іс-шаралар, еске алу және т.б.) баруына тыйым салынды. Сондай-ақ, департамент мамандары «Ата-аналар күні» арналған зираттарға барғанда санитарлық ережелерді сақау керектігін еске салды.

«Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысының талаптарына сәйкес, карантин кезеңінде жұмысы жалғасатын ұйымдар мен кәсіпорындардың қызмет түрлерінің тізбесіне зираттардың қызметі кіреді. Қаулының 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес «Ата-аналар күнінде» бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, зираттарға баруға болады», - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Сондай-ақ балалар арасында КВИ ауруы тіркелуінің өсуіне байланысты Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Балқаш, Приозерск, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Абай, Нұра, Осакаров аудандарында жалпы білім беретін мектепалды сыныптарының 1-5 сынып оқушылары, 1-7 сынып аралығындағы халықаралық мектептерде коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қашықтан оқыту форматына көшеді.

Бұл ретте, сабақтан тыс уақытта топтарда оқушыларды жеке оқыту кезінде балалар саны 15-тен 10 адамға дейін төмендеді, ал көрсетілген қалалар мен аудандарда әлеуметтік қашықтықты, шахматтық ретпен отырғызуды және бетперде режимін міндетті түрде сақтай отырып, топтардағы балалар санын 5 адамнан асырмау керек. Облыстың басқа өңірлерінде оқыту бұрынғы форматта жалғасатын болады.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.