Жаңа қаулы: Келесі аптадан бастап Түркістан облысында карантин шектеулері жеңілдейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының бас санитар дәрігері өңірде карантин шектеулерін кезең-кезеңмен жеңілдету туралы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Кеңестер мен отырыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда сақтық шараларын сақтай отырып, көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат берілсін», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, барлық нысандардың жұмысына бас санитар қаулысы бойынша рұқсат беру тапсырылған. Ashyq жобасына катысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне демалыс күндері рұқсат етілмек.

«Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне «Жасыл мәртебесі» бар келушілерге демалыс күндері қызмет көрсетуге рұқсат етілсін», - деп жазылған қаулыда.

Құжат 27 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар