Жаңа қаулы: ШҚО-да карантин шектеулері 15 ақпанға дейін ұзартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 15 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулы: ШҚО-да карантин шектеулері 15 ақпанға дейін ұзартылды

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 15 ақпанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 18,2%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,874.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.