Жаңа қаулы: ШҚО-да шектеу шаралары 29 тамызға дейін ұзартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 29 тамызға дейін дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулы: ШҚО-да шектеу шаралары 29 тамызға дейін ұзартылды

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 29 тамызға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 20,3%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,943.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.