Жаңа қаулы: ШҚО-да үйірмелерге 15 баладан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді
ШҚО ,ас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Онда жазылғандай, бүгінде өңірде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толу деңгейі – 17,7%.
Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,974.
«Медициналық-әлеуметтік объектілердің және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтарының жұмысына рұқсат берілді. Алайда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс. Секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары келушілер арасындағы қашықтықты сақтау шартымен жұмыс істейді. Сондай-ақ бір топта 15 баладан аспауы керек», - делінген құжатта.
Арнайы білім беру ұйымдарының да (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары) жұмысына рұқсат берілген.
Сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жеке кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі.