«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы «Қазақстандағы этномәдени білім беру» тұжырымдамасының жобасын талқылады

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының кезекті отырысында «Қазақстандағы этномәдени білім беру» тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы «Қазақстандағы этномәдени білім беру» тұжырымдамасының жобасын талқылады
Оған Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырысты ашқан депутаттық топ жетекшісі Қайрат Сәдуақасов бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы беделді азаматтық қоғам институты ретінде өзінің басым бағыттарын анықтай отырып, еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қалыптастыруға үлкен үлес қосып отырғандығын айтты. «Осы бағытта депутаттық топ Қазақстандағы қоғамның көп дінді және полиэтностық құрамын ескере отырып, этномәдени білім беруді жаңаша мазмұнда қалыптастыру жөнінде бастама көтерді», ? деп атап өтті Мәжіліс депутаты Қайрат Сәдуақасов. Отырыс барысында елімізде орта білім берудің ажырағысыз бөлігі ретінде мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандартын қалыптастыруда, жастар саясаты бойынша бағдарламаларды әзірлеу кезінде этномәдени білім беру бағытын ескеру қажеттігі айтылды. Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Валерий Вишниченко, Олег Дымов, Леонид Питаленко, Розақұл Халмұрадов, Людмила Хочиева «Қазақстандағы этномәдени білім беру» тұжырымдамасы бойынша бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар жасады.